• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2017

ШҚО өнертапқышы жүз шаршылы шахматтың классикалық түрін ойлап тапты

342 рет
көрсетілді

Шығысқазақстандық өнертапқыш Александр Кочернин жүз шаршылы шахматтың классикалық түрін ойлап тапты. Жаңа туындысына патент алып үлгерген шахматшы бүгінде жас жеткіншектерді жүз шаршылы шахматқа баулып жүр. Жалпы, жүз шаршылы шахматтың әлемге 28 түрі белгілі. Алайда, олардың ешқайсысы табиғат заңдылығына сай келмейді, дейді өскемендік өнертапқыш. – Классикалық 64 шаршылы немесе 100 шаршылы шахматтың қай-қайсысы да патшаға «мат» қоюдан аяқталады. Бірақ, мен ұсынып отырған үлгіде патшадан бөлек  «ханшайым» мен «ханзада» деген тағы екі тас бар. Егер ойын барысында қарсылас тас патшаны алып тастаған жағдайда, «билік» баласының, яғни ханзаданың қолына көшіп, ойын жалғасады, – дейді Александр Кочернин. Тыңнан ойлап тапқан шахмат үлгісін өзге елдердің мамандары оң бағалап отыр. Ал Александр алдағы уақытта аталған үлгіні әлі де дамыта түсетіндігін жеткізді. Думан АНАШ, "Егемен Қазақстан" ӨСКЕМЕН.