• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2017

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві туралы 10 дерек

547 рет
көрсетілді

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мемлекет Басшысының 1994 жылғы 14 қаңтардағы № 1502 Жарлығымен бұрынғы Орталық мемлекеттік қазіргі заман тарихы архивінің негізінде құрылды. 2. Архив Қазақстан Республикасы Президентінің, оның Əкімшілігінің жəне мемлекет Басшысына тікелей бағынатын басқа да мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттық-архивтік қамтамасыз ету саласында негізгі міндеттерді атқарады. 3. Архивтің сайты www.archive.president.kz. 4. 2017 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша Архивте 1918-2013 жылдар аралығын қамтитын 789 мыңнан астам сақтау бірлік мемлекеттік есепке алынған. 5. Архивте Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің түпнұсқалары, сондай-ақ оның халықаралық конгресстерде, форумдарда, кездесулерде жасаған баяндамаларының мəтіндері және басқа да құжаттар сақталуда. 6. Архив Қазақстан Компартиясы ОК-і, ЛКЖО ОК-і және олардың негізін қалаушы орталық органдардың 1918-1991 жж. қызметтері барысында қалыптасқан тарихи құжаттарды сақтайды. 7. 1998 жылдан бастап Архив жеке текті құжаттарды жинақтауды бастады. Бұл ең алдымен – Қазақстанның саяси, мемлекет жəне қоғам қайраткерлерінің құжаттары. 2017 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша мемлекеттік сақтауға 85 жеке қор алынған. 8. 2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Электронды архивінің цифрленген істер саны 40 мың істі құрайды. 9. 1994 жылдан бастап Архив 59 құжатты жинақтар мен 24 ақпараттық-анықтамалық басылымдар дайындап шығарды. 10. 1994 жылдан бастап Архивтің Оқырман залында осы уақытқа дейін 5,3 мыңнан астам ізденуші жұмыс істеді, оның ішінде – Ресейден, Украинадан, Армениядан, Өзбекстаннан, АҚШ, Ұлыбританиядан, Канада, Германия, Жапония, Франция, Италия, Польша жəне Румыниядан келген ізденушілер бар. Ж. Ү. Әбдіқадырова, ҚР Президентінің Архиві директорының орынбасары