• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2017

Сенат Төрағасы Қытай Елшісін қабылдады

274 рет
көрсетілді

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшісі Чжан Ханьхуэні оның өтініші бойынша қабылдады. Жоғарғы Палатаның Төрағасы таяу күндері Қазақстан мен Қытайдың арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толғанын атап өтті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР басшылары ширек ғасырда екі көрші мемлекеттің ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестігінің сенімді негізін жасады. Мемлекеттік шекара делимитацияланды және демаркация жасалды, Қазақстан мен Қытайдың белсенді түрде қатысуымен аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың жаңа қағидаттық тұрғыдағы жүйесі құрылды. Аймақтық экономика үшін «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен «Бір белдеу, бір жол» бастамасының үйлесім табуының маңызы зор. Қ.Тоқаев екі елдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі өзара тығыз іс-қимылына сенім білдірді. Сенат Төрағасы өзінің таяудағы Қытайға сапарының нәтижелі болғанын, оның екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелері жөніндегі парламентаралық үнқатысуды үдете түсуге ықпал еткенін атап өтті.