Францияның солтүстігінде және солтүстік шығысында дауылдың салдарынан 237 үй жарықсыз қалды, деп жазады korrespondent.net.
Франция Ішкі істер министрлігінің басшысы Бруно Ле Ру табиғаттың дүлей күшінің салдарынан 50-ге жуық адамның жеңіл жарақат алғанын хабарлады. Құрбан болғандар жоқ.
Қыстың күні болған қуатты жел бүгін түнде елдің жекелеген аудандарына айтарлықтай материалдық шығын келтірген. 1 мыңнан астам адам қауіпсіз аймаққа көшірілген. Пикардияда 70 мың үй, Нормандияда 65 мың үй жарықсыз қалды. Дауылдың салдарынан кейбір аудандарда пойыздардың қозғалысына тыйым салу қажет болды. Бове әуежайында барлық рейстер кейінгі қалдырылды. Бірнеше мектепте оқу тоқтатылды.