• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
14 Қаңтар, 2017

БҚО-да 9 мың адам нəтижелі жұмыспен қамтылады

335 рет
көрсетілді

Елбасы тапсырмасына сәйкес қолға алынған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына» сәйкес Қазақстанда 106,5 мың (жылына 21,3 мың) адам, Батыс Қазақстан облысында 4 мың (жыл сайын 800) адам кәсіптік даярлықпен қамтылмақ. Бұл туралы Оралда өткізілген кеңесте ҚР Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің бас сарапшысы Бақытжан Биекова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, соған қоса еліміз бойынша 130 мың, БҚО-да 5 мыңдай адам қысқа мерзімді кәсіптік білім алып шығатын болады. Нәтижесінде республика бойынша 236,5 мың, БҚО-да 9 мыңнан астам адам бағдарламамен қамтылады Бұрын «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында мерзімдік жұмыс орындарын ашуға басымдық берілгені белгілі. Енді биылдан бастап оқыту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуға күш салынбақшы. Сондай-ақ кірісі аз тұрғындарға жеке ісін ашу үшін де мемлекет тарапынан қолдау жасалады. Жаңа бағдарламаның басты мақсаты - елімізде нәтижелі жұмыспен қамтуға жағдай жасай отырып, халыққа табыс қорын молайтуға мүмкіндік беру. Аталған жоба кірісі аз ауыл халқының елеулі бөлігіне кәсіпкерлікте алғашқы қадамдарын жасауға және өздерінің бизнес-бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.