2017 жылы Атырауда және қала маңында орналасқан елді мекендердің 311 көшесіне асфальт төселінеді, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Атырау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Серікбай Қазиев. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
«311 көшеге төселінетін асфальттың жоба-сметалық құжаты әзірленуде. Бұл құжаттың мемлекеттік сараптамасы қаңтар-ақпан айында өтіп, көктемде жұмысқа кірісеміз. Асфальт төсемінің жалпы ұзындығы - 250 шақырымды құрайды», - деп хабарлады Қазиев.
Алдын ала есеп бойынша, қала мен елді мекендерге асфальт төсеу жұмысы 25 млрд теңгеге бағаланды.