• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
14 Қаңтар, 2017

14 қаңтарға арналған ауа райы

279 рет
көрсетілді

Бүгін ел аумағының басым бөлігінде ауа-райы құбылмалы болады, қар жауады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және солтүстік-батыс аймақтарында күн жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, солтүстікте жаяу бұрқасын болуы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет. Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, тұман түседі. Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді – 15-20 м/с. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстарында тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында, түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі деп болжануда.