• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
14 Қаңтар, 2017

Қарағанды облысында 5 мың мемлекеттік қызметкер аттестациядан өтеді

301 рет
көрсетілді

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова Қарағандыға барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыс әкімдігінде ведомство өкілі «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің алдағы аттестациясы бойынша кездесу өткізді. «Үш жылда бір рет өткізілетін аттестациямен салыстырғанда осы аттестация тек бір рет және кешенді түрде өтеді. Мен сіздердің өңірлеріңізде түсіндіру жұмыстарының өткенін білемін. Мен ашық диалог жасасқым келеді, сондықтан мен үшін бастысы - сіздердің сұрақтарыңызды тыңдау», - дедіШаимова. Қарағанды облысында 2 ақпан күні орта топтағы мемқызметшілерді тестілеу басталады. Кездесуде аталып өтілгендей, өңірде 5000-нан астам мемқызметші аттестациядан өтеді. Көрсетілген санаттар бойынша, 1157 адам (мемлекеттік қызмет аппаратының жалпы 23,6%-ы) тестілеуден босатылады.