• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
14 Қаңтар, 2017

"Барселона" директоры Месси үшін қызметінен босатылды

586 рет
көрсетілді

"Барселона" футбол клубы директорларының бірі Пере Гратакос 13 қаңтар күні "клубтың ұстанымдарына қарсы келетін жеке пікірін қоғам алдында айтқаны үшін" қызметінен босатылды, - деп хабарлады Sport.ru. Басылымның айтуынша, ол: "Лео - клубтағы ең маңызды адамдардың бірі. Бірақ ол жалғыз емес. Ол Иньеста, Неймар мен басқа ойыншылар болмаса, дәл осы деңгейде болмас еді. Бірақ Месси - үздігі", деген сөздері үшін жұмысынан шығарылған. Пере Гратакос 70-80 жылдары клубтың жастар және резервті құрамында болған. 2003-2005 жылдары ол Месси ойнаған "Барселона В" командасының бапкері қызметін атқарған. Соңғы кездері Гратакос испан футбол федерацияларымен байланыс басшысы қызметін атқарған. Қазір "Барселонада" "Масия 360" жобасындағы жұмысын жалғастырып жатыр.