Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Оралдың «Ақжайық» футбол командасы спарринг-кездесуде Албанияның «Тирана» клубын 2:0 есебімен жеңді. Бұл туралы sports.kz хабарлады.
«Ақжайық» сапында Иван Антипов пен Абылайхан Тотай мергендігімен танылды.
Мұнда нигериялық Изу Азука сынақтан өтуде. 27 жастағы футболшы бұған дейін «Ертіс» (Павлодар), «Тараз» командаларында ойнаған.
Айта кетейік, Түркиядағы дайындық 28 қаңтарға дейін созылады.