Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз, тек солтүстік-батыста және шығыста құбылмалы ауа-райы сақталады, кей жерлерде қар жауады, тұман, көктайғақ, жел күшейеді, шығыста бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Алматы облысында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.