• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
15 Қаңтар, 2017

Көлік апатынан адамдарды құтқарған Құмарбек Жәкетайға "Батыл жүрек" сыйлығы берілді

430 рет
көрсетілді

«Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығы аясында тағайындалған «Батыл жүрек» сыйлығы Астана-Бурабай тас жолында болған көлік апаты кезінде адамдарды құтқарып жүріп, ерлікпен қаза тапқан Құмарбек Жәкетайға берілді, деа жазады ҚазАқпарат. Аталмыш сыйлық кеше Астанада оның туыстарына табыс етілді. «Халықтың сүйіктісі - Народный любимец года» қоғамдық сыйлығының ұйымдастырушылары мен әділқазылары «Батыл жүрек» құрметті сыйлығын ерен ерлігі үшін Құмарбек Жәкетайұлына беруді дұрыс деп шешті. Батырдың ұлы Нұрболат әкенің жанқиярлығы xалықтың үлкен бағасына ие болғанына қуанышты екенін жеткізді. Еске салсақ, 4 желтоқсанда Көкшетау тас жолында жантүршігерлік апатта куәгерлер Құмарбек Жакетайұлының сау-тамтығы қалмаған көлік ішінен кішкентай баланы аман алып шыққанын айтады. Одан кейін артқы орындықта отырған қыз баланы құтқаруға ұмтылған ол арт жақтан қатты жылдамдықпен келіп соғылған автобустың астында қалған.