Астанада VI жыл сайынғы «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығын табыс ету шарасында Рио Олимпиадасында күміс жүлде алған қазақстандық боксшы Василий Левитке Олимпиада ойындары алтын медалінің көшірмесі табыс етілді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейік, Бразилияда өткен Олимпиадада Василий Левит финалда ресейлік боксшы Тищенкоға жол берген болатын. Алайда төрешілердің шешіміне xалық үлкен наразылық танытты. Сол кезде шара ұйымдастырушысы Ғалым Байтұқ боксшы Василий Левитке Олимпиада алтын медалінің көшірмесін жасату үшін xалықпен бірге қаражат жинауға кіріскен болатын. Кеше бұл медаль xалықтың спортшыға деген зор ықыласы ретінде салтанатты жағдайда табыс етілді.
«Әрине, осынау қамқорлықтың барына, xалық қолдауының барына өте қуаныштымын. Бір жағынан бұл үлкен жауапкершілік, мен бұл медальді алда әлі ақтау керек деп санаймын», - деді Василий Левит.