• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
15 Қаңтар, 2017

Түркістанда қымыз бен шұбат өңдеу зауыты салынады

822 рет
көрсетілді

Бүгін Түркістан қаласында қымыз бен шұбат өңдеу зауытының іргетасын қалау рәсімі өтті, деп хабарлайды  ҚР АШМ баспасөз қызметі. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 60 қадамын орындау мақсатында осы жобаны бастама етіп көтерді. Өңдеу зауыты қазақстандық «Вторметалсервис» компаниясымен жүзеге асырылатын болады. Ол қытайлық «Голден Кэмел групп» компаниясының инвестицияларын тартты. Зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 33 000 тонна.