• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
15 Қаңтар, 2017

Алматыда Жәутіков олимпиадасы басталды

313 рет
көрсетілді

Алматыда математика, физика және информатика пәндері бойынша ХIII халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталды, деп хабарлайды 24.kz. Дәстүрлі жарыстың ашылуында әлемнің әр қиырынан келген командалар мен халықаралық дәрежедегі қазылар алқасы таныстырылды. Мамандардың айтуынша, жампоздар жарысының ауқымы жыл санап кеңейіп, маңызы артып келеді. Енді бір апта бойы 15 мемлекеттен жиналған 400-ден астам оқушы білімі мен білігін көрсетіп, елінің намысын қорғайды. Жалпы, Жәутіков олимпиадасы оқушыларға физика-математика ғылымына мектеп жасынан дағдылануға ықпал етеді. Сондай-ақ, білім кеңістігінде халықаралық әріптестікті нығайтып, әлемдегі үздік мектептермен достық қарым-қатынаста болуға кең жол ашады.