Қазақтың көрнекті жазушысы, Маркестің әйгілі «Жүз жылдық жалғыздығын» аударған аудармашы, қаламгер Кеңес Юсуп 76 жасына қараған шағында қайтыс болды.
Кеңес Сіләмханұлы Юсуп 1941 жылы 30 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Таврия ауданындағы Баймұр ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, «Социалистік Қазақстан», қазіргі "Егемен Қазақстан" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, «Қазақстан коммунисі» журналының бөлім меңгерушісі, «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі болып істеген. Мемлекеттік басқару органдарында жауапты қызметтер атқарған. Қазақстан Республикасының Президенті Баспасөз қызметінің бас сарапшысы болған.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері (2000).