• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2017

Жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті

302 рет
көрсетілді

Ақордада Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен құрылған Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы болып өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Жұмыс тобы мүшелері ұйым­дастыру мәселелерін талқылады. Билік өкілеттіктерін қайта бөлу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу барысында жинақталған отандық және шетелдік тәжірибе, қолданыстағы заңнаманың және Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын қолдану практикасы зерделеніп, талдау жасалады. Жұмыс тобының қызметіне заңгер, ғылыми-сараптамалық қа­уым­дастығы, сондай-ақ  қалың жұрт­­шылық белсене тартылатын болады. Мемлекеттік биліктің тармақ­тары арасында өкілеттіктерді  қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшелері. ЖАҚСЫБЕКОВ Әділбек Рыс­кел­діұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Жұмыс тобының жетекшісі. АСАНОВ Жақып Қажманұлы – Қа­зақстан Республикасының Бас прокуроры. БЕКЕТАЕВ Марат Бақыт­жан­ұлы – Қазақстан Республикасының Әділет министрі. ГРОМОВ Сергей Николаевич – Қазақстан Республикасы Пар­ла­менті Сенаты Төрағасының орынбасары. ДОНАҚОВ Талғат Совет­бек­ұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. ЖАЛАИРИ Өмірәлі Шақа­рап­ұлы – Д.А. Қонаев атындағы Еура­зиялық заң академиясының ректоры. ИСИМБАЕВА Гүлмира Истай­бек­қызы – Қазақстан Республи­ка­сы Парламенті Мәжілісі Төра­ғасының орынбасары. ҚАУДЫРОВ Төлеш Ерден­ұлы – Қазақ гуманитарлық заң уни­верситеті Азаматтық-құқықтық зерт­теулер ғылыми-зерттеу инсти­ту­тының директоры. МӘМИ Қайрат Әбдіразақұлы – Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Төрағасы. МҰҚАШЕВ Рақмет Жел­ді­байұлы – «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы. РОГОВ Игорь Иванович – Қа­зақстан Республикасы Консти­ту­циялық Кеңесінің Төрағасы. ФЕДОТОВА Зинаида Леон­тьевна – Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің жанын­дағы Мем­лекеттік басқару акаде­ми­я­сының профессоры.