• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2017

Стационарлық сахна бой көтереді

345 рет
көрсетілді

Маңғыстау облыстық Мәд­е­ни­ет басқармасының басшысы Б.Ба­зар­­­баевтың айтуынша, Ақтау қа­ла­сының 4 және 15 шағын­ ­ау­дан­­дар тұсындағы теңіз жаға­­ла­­уы­нан салынатын екі нысан­ның құны 260 млн теңгені құрайды. Маңғыстау облысы мен облыс орталығы – Ақтау қаласының басты шаралары өтеді деп жоспарланған жобаға сай, нысанның жертөле қабатында әртістер үшін гримерлік бөлме мен костюмдер бөлмесі орналасады, сондай-ақ, сахна алдындағы алаңда көрермендер үшін орындар қаралған. – Қазіргі таңда 15 шағын аудандағы сахна құрылысының жобалық-сметалық құжаттары дайындалды, екінші жобаның құжаттарын дайындау жұмыстары бас­талуда. Қаражат бөлінісімен, құрылыс жұмыстары басталады, – дейді басқарма басшысы. Қазір әрбір шараны өткізу үшін сахнаны тасымалдау, оны құру және жинау, тағы да басқа қажетті жұмыстарға жарты миллионға жуық ақша жұмсалады екен. Стационарлық сахна шығынды ақтайды және тиісінше қысқартады деп отыр мамандар. Құрылыс аяқталған соң сахна жобаның тапсырыс берушісі болып табылатын  Ақтау қалалық әкімдігінің құзырына берілетін болады. Ақтауда өтетін ірі шараларда теңіз жағасындағы алаңдарда ығы-жығы халықпен бірге, әртістердің киініп-шешінуіне және гримерленуіне автобустар қызмет ететін. Халықтың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіретін автобустар шоғырын енді стационар сахналар алмастыратыны қуантады. Бұл – қаржылық үнемдеу жағын айтпағанда,  халық үшін де, әртістер үшін де қуанышты жаңалық. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» Маңғыстау облысы