• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2017

Оңай олжа опындырды

487 рет
көрсетілді

Соңғы кездері оңай олжа­ға батуға құмарлар қатары көбейіп барады. Тіпті, «біреу­­дің ала жібін аттама», «кісі ақы­сын жеме» дейтін үлкен­дер­дің нақылы аяқ асты бо­лып қалғандай қазір. Күн са­йын «жеп қойыпты, обып кетіп­ті» деген хабарды естисің, әй­теуір. «Түйені түгімен» жұт­са да қақалмаймын деп ой­лай­ды-ау деймін олар. Бі­рақ, түп­тің-түбінде еңбексіз табыс­тың еңсеңді басатыны анық. Сөй­тіп, ұсталып, қолға кі­сен салын­ғанда ғана опық жеп жата­тын­д­а­рын қайтерсің, шіркіндердің. Мұғалжар аудандық соты осындай оңай ожаға кенелмек болған «Қандыағаш Мұнай Өнімдері» LTD» ЖШС-ның директоры Айбат Сусиновке үкім шығарды. 30 жастағы кәсіпорын басшысы өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденгені үшін айыпты болып отыр. Сот материалдарынан белгілі болғандай, ол 2015-2016 жылдары 3,3 мың тонна мұнай ұрлаған. Дизель отыны мен жанар-жағармай мұнай қоймасынан «КамАЗ» автокөліктеріне еш кедергісіз тиеліп, шығарылып отыр­ған. Кәсіпорын басшысы жұмысшыларына ұрланған «қара алтынды» журналға тіркемеу жөнінде тапсырма беріп келіпті. Салдарынан кәсіпорын құрылтайшысы «ҚазМұнайГаз өнімдері» ЖШС-на 445 миллион теңге­ден астам шығын келтірілген. Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігімен айып тағылған серіктестік дирек­торы Айбат Сусиновтің мүл­кі тәркіленіп, 7 жылға сот­тал­ды. Сондай-ақ, ол ком­мер­циялық ұйымдарда мате­риал­дық жауапкершілігі бар лауа­зым­дарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. «Қасқырға қой бақ­тыр­ғандай» деп осындайда айтса керек. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы