• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2017

14 жыл бойы жасырынып жүрген

470 рет
көрсетілді

Қазіргі кезде арам ойларын жүзе­ге асырып алғаннан кейін нағашы­сы­на көрісуге кеткендей аяқасты шет ел­ге зым-зия жоғалатын бөгде пиғыл­ды жандардың көбейіп бара жат­қаны алаңдатпай қоймайды. Құқық қор­ғау органдары із кесіп, бұлтартпау шара­ларын қолданғанша, өзге елге табан жалтыратқанын бір-ақ естисің. Әп-сәтте миллиондаған, миллиардтаған қаржыны өңгеріп кету сияқты айла-шарғылары Остап Бендерді де жарты жолда қалдыра­тын болар. Мемлекет қаржысын шүлен таратқандай өз қалтасына басып, болмаса кісі қанын мойнына жүктеп, шет елдерде бас сауғалап жүрген алаяқтар мен қыл­мыс­керлер Қызылжар өңірінде де аз емес. Облыс прокурорының халықаралық келісімдерді пайдалануды қадағалау жөніндегі аға көмекшісі Жанар Ақмағам­бетова­ның мәлімдеуінше, шет елдерде жасырынған қылмыскерлерді құрықтауға байланысты бірнеше өтініш қаралып, Бас прокуратураға жолданған. Сондай істің бірі 2006-2007 жылдары алаяқтық жолмен 59 миллион теңгені жымқырған «Петропавл шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының шағын несие ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бұрынғы басшысы Б.Молдиновке қатыс­ты қозғалған. Қылмыстық жауапкер­шіліктен жалтарып, алты жыл бойы өзге елде бой тасалап жүрген оны Қыл­мыс­тық кодекстің 177-бабы бойын­ша 3,6 жылға бас бостандығынан айыру­ға сот үкімі шыққан еді. Басын ала қашқан қылмыскерді енді Қазақ­станға экстрадициялау келісіміне қол жеткізілді. 2002 жылы әйелін өлтіріп, 14 жыл бойы ұшарын жел, қонарын сай білген петропавлдық тұрғынға қатысты қылмыс­тық қудалау ісі өз нәтижесін берді. Ол да Қазақстанға әкелінеді. 2002 және 2005 жылдары аса ауыр қылмыс жасап, 11 жыл бойы қашып-пысумен жүрген екі аза­матқа байланысты қылмыстық іс аяқта­лып, құжаттар құзырлы орындарға жіберілді. Бұдан тысқары, Ресейдің күштік құрылымдары іздеу жариялаған төрт қылмыскер кері қайтарылды. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы