• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2017

Атыраудың алауын Алматыға жеткізеді

254 рет
көрсетілді

Атырау облысын аралап өтетін Универсиада алауын Алматыға жеткізу боксшы студент Назым Ищановаға тапсырылды. Оның мұндай миссия атқаруы көп толғаудан соң таңдап алынды. Еліміздің спортсүйер қауы­мына Назымның есімі жақ­сы таныс. Ол Вьетнамда өткен әйел­дер арасындағы Азия чем­пио­натында қола жүлде­гер атанған. Бұған қоса, Қазақ­стан­ның төрт дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Атырау облысында алау эс­та­фетасы 27 қаңтар күні өте­тін болып белгіленген. Ол екі саты­дан тұрады. Алау­гер­лер­дің бірінші тобы Атырау мем­лекеттік мұнай және газ уни­вер­ситетінен Махамбет атын­дағы драма театрына дейін жү­ріп өтсе, екінші топ драма теат­­ры­нан Х.Досмұхамедов атын­­дағы Атырау мемлекеттік уни­вер­си­тетіне дейінгі бағытта барады. Универсиада алауын алып жүре­тіндер қатарында об­лыс­тың бұрынғы және қазіргі таны­мал спортшылары, оқу озат­тары, үздік студенттер және қоғам белсенділері бар. Олар Х.Досмұхамедов атын­дағы Атырау мемлекеттік уни­верси­те­ті­нің алдында алауды Назым Ища­но­ваға табыс ететін болады. Оны қабылдап алған Назым 29 қаңтарда Алматыда өтетін Дү­ние­жүзілік қысқы Универсиаданың ашылуына Атырау облысының атынан қа­тысады. Сөйтіп, әр облыстан таңдалған 16 алау көтеруші универсиада төрінде алауды бір тостағанда біріктіреді. Универсиада алауы Қазақ­стан­ның 22 мың шақырымдық аты­рабын көктей өтеді. Оның 200 шақы­рымында алауды адамдар алып жүріп өтеді деп жоспарланып отыр. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан» АТЫРАУ