• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2017

Сабақтастық соқпағы

271 рет
көрсетілді

Босағадан енген Жаңа жылмен бірге еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі жұмысын бастады. Қазақстанның халықаралық деңгейдегі саяси миссиясы бүгінде әбден айқындалған, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтың көңілінен шығып отырғаны белгілі. Мұның бастауын біз сонау Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Ел­ба­сының батыл қабылдаған шешім­дерінен көреміз. Әрине, бұл жаһанды тітіреткен Кеңес одағы құлағаннан кейінгі жаңа мемлекеттің қуатты ядролық арсеналдан бас тартуы мен Семей сынақ полигонын түбегейлі жабуы туралы толғақты шешімі болатын. Биылғы елімізге жүктелген абыройлы міндет осы сабақтастықтан тамыр тартады. Өйткені, осы оқиғадан бері біз жаһан жұртын ядролық қарудан бас тартуға шақырып келеміз. Оның нақты әрі нәтижелі қадамдары жасалды. Атом қуатын ғылыми және бейбіт мақсатта пайдалану, әлемнің басқа елдеріндегі ядролық полигон ошақтарын жабу, ядролық қаруға қарсы іс-қимыл күнін бекіту секілді және басқа да саяси мәмілегерлік жобалардың бас­тамашысына айналдық. Сонымен бірге, Қазақ елінің БҰҰ сияқты әлемдік ұйымдағы өте зор жауапкершілікті арқалауы мен еліміздің аталған ұйымға мүшелігіне 25 жыл толуының қатар келуі де кездейсоқтық емес. Бұл Қазақстанның ширек ғасырда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен ішкі және сыртқы саясатта қол жеткізген тиімді жетістіктерінің бағасы іспеттес әсер қалдырады. Елбасының Біріккен Ұлттар Ұйы­мы­ның Қауіпсіздік Кеңесіне жол­даған Саяси үндеуі Қазақстан­ның тұжырымдамалық көзқарасын тағы да айшықтай түсті. Бұл Үн­деу­де Елбасы еліміздің БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесі тұрақты емес мүшесі ретіндегі өкілеттіліктерінің баста­луына орай қауіпсіз, әділ және өр­кендеген әлем құру үшін жаһан­дық әріптестікті күшейтуге күш салатынын жеткізе келіп, нақты іс-қимыл бағыттарын жүзеге асы­руға ұмтылатынын атап көрсетіп отыр. Мәселен, жоғарыда айтқа­ны­мыздай, Қазақстан Жер планетасында ядролық жойқын қару­дан бас тартқан алғашқы ел ретін­де аталған қаруды таратпау туралы ұстанымын бекемдей түспек. Бұл ретте Иран мен Корей түбегі елдерінің ядролық бағдарламалары бойынша және әлемнің отты ошақтарындағы қақтығыстарды  тоқтату бойынша нақты жұмыстар жүргізілетін бола­ды. Сондай-ақ, Орталық Азиядағы бейбітшілікті нығайтуға, Ауған­стан­дағы жағдайды оңалтуға атсалысып, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес сияқты өте өзекті мақсат-міндеттерді жүзеге асырмақ. Ең бастысы, биыл елімізде бүкіл әлем көз тігіп отырған ЭКСПО көрмесі өтеді. Бұл Қазақстанның әлемге даму тұрақтылығын қалып­тастыру бағытындағы нақты іс-әре­кетінің бір көрінісі болмақ. Міне, Қазақ елі ғасырлар бойы қалып­тасқан дәстүр-салты мен ұлттық болмысы сынды ХХІ ғасыр­дағы жаңа мақсат-мұраттарын да ізгілікпен ұштастырып отыр. Өйт­кені, тұрақтылық – қай уақытта да даму кепілі. Айта кеткен абзал, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемле­кеттік университетінің оқы­тушы-профессорлар құрамы мен студенттер қауымы еліміздің жаңа саяси мақсат-міндеттерін әр­дайым сергектікпен қабыл алып, түрлі іс-шаралардың арқауы етіп келеді. Бұл ретте университет жанындағы Назарбаевтану орта­лығында алқалы басқосулар, келелі мәжілістер мен ғылыми-тә­жі­рибелік конференция­лар, тақы­рыптық семинарлар мен дәріс­тер жиі өткізіліп тұрады. Әлібек ҚУАНДЫҚОВ, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы