• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2017

Түркия парламенті президенттік басқару жүйесіне көшуді мақұлдады

494 рет
көрсетілді

Түркия парламенті президенттік басқару жүйесіне көшу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлады РИА Новости. Бұдан бұрын Конституцияға түзетулерді парламентке қарауға Әділдік және даму басқарушы партиясы енгізген. Түзетулер Түркия қарулы күштері және барлау бас штабын жеке бақылауды мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоғанға береді. Бүгінде олар премьер-министрге бағынады. Бұдан басқа, түзетулерді нақты қабылдаған жағдайда, ел президенті жарлықтар шығаруға, министрлер тағайындауға, конституциялық өзгерістер туралы мәселені референдумға шығаруға құқық алады. Естеріңізге сала кетсек, парламенттік басқару нысаны 1923 жылы Түркия Республикасы құрылған сәттен бастап әрекет етеді.