• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2017

Универсиададан жұптық мәнерлеп сырғанау алынып тасталды

318 рет
көрсетілді

Жұптық мәнерлеп сырғанау бойынша халықаралық жарыстарды өткізу регламентіне сәйкес ФИСУ бұл түрдегі жарысты Универсиаданың спорттық бағдарламасынан алып тастау шешімін қабылдады. Бұл туралы Универсиаданың ресми сайты хабарлады. Жұптық жарысқа сатып алынған билеттерді Универсиаданың ресми билет сату пункттеріне тапсыруға не сонда басқасына ауыстыруға болатыны атап өтіледі. Билет құны толықтай қайтарылады. www.almaty2017.com, www.fisuticket.com, www.kassir.kz ресми сайттарында сатылған билеттерді қайтару рәсімі әзірленді. Қаражатты қайтару нұсқауын алу үшін ұйымдастырушылар сайттарды техникалық қолдау қызметіне жүгінуді сұрайды. Универсиаданың www.kassir.kz сайтынан билет сатып алған көрермендер де қосымша ақпаратты + 727 346-6-346 телефонынан ала алады.