• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2017

2017 жылы Қызылорда облысында 44 көпқабатты үй салынады

260 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында өткен жылы 80 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізіліп, оның 510,6 мың шаршы метрі пайдалануға берілді. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Мұхамедиса Әлсеріков мәлім етті. Басқарма басшысының айтуынша өткен жылға жоспарланған жұмыстар толығымен орындалды. Былтыр әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер салуға, инженерлік-инфрақұрылым жасақтауға 38,7 млрд теңге бөлінген.  Аталған кезеңде салынып жатқан 48 нысанның 25-і пайдалануға берілді.  Білім саласында құрылысы жүріп жатқан 22 нысанның төртеуі аяқталды. - Ендігі міндет қалған нысандарды салып бітіру. Сонымен қатар, биыл аймақта спортты дамыту бастамасы аясында  Ғ. Мұратбаев атындағы стадионның қосалқы алаңы мен аудандағы спорт кешендері реконструкцияланады. Биылғы басты жаңалық - тұрғын үй құрылысы «Нұрлы жол» бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Осы бағдарлама аясында биыл облыс бойынша жалпы аумағы 151 мың шаршыметрді құрайтын 44 көпқабатты үй салу жоспарлануда, - деді басқарма басшысы.