• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2017

Бішкектегі ұшақ апатынан кем дегенде 16 адам қаза тапты

241 рет
көрсетілді

Бішкек түбінде апатқа ұшыраған жүк тасымалдайтын Boeing апатынан кем дегенде 16 адам қаза тапты, - деп хабарлайды ел үкіметінің өкілдеріне сілтеме жасаған Рейтер агенттігі. Агенттік  Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап, қазіргі уақытта құтқарушылар пилоттың және 15 жергілікті тұрғынның денесін тапқанын хабарлап отыр. Сондай-ақ, апатқа ұшыраған жүк ұшағының Turkish Airlines әуе компаниясының иелігінде екені анықталды. Естеріңізге сала кетсек, оқиға "Манас" әуежайында 16 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 07.30-да болған.