• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2017

Бішкектегі ұшақ ауа райы қолайсыздығынан апатқа ұшыраған

507 рет
көрсетілді

Гонконг - Бішкек рейсін орындап келе жатқан Түркияның Boeing-744 жүк тасымалдаушы ұшағы "Манас" әуежайында қону кезінде құлады. Бұл туралы РИА Новости басылымына Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің дағдарыс жағдайында басқару орталығының басшысы Мухаммед Сваров хабарлады. Қазіргі уақытта әуе апатына ұшыраған ұшақтың Turkish Airlines компаниясына тиесілі екені белгілі. "Гонконгтан келе жатқан түркиялық компанияның жүк тасымалдаушы ұшағы Қырғызстан астанасындағы "Манас" әуежайында ауа райының қолайсыздығынан апатқа ұшырады. Ұшақ құлаған жерде орналасқан екі үй өртеніп жатыр", - деді Сваров. Ол үйлерде адамдар болды ма, жоқ па - әзірше белгісіз. Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі толықтай жұмыс істеп жатыр. "Ұшақ батыстан шығысқа қарай қонбақшы болды, алайда белгісіз себептерге байланысты ұшқа онда қона алмай, сол аумақта қайта айналды. Ұшақ құлаған кезде әуежай аумағында қолайсыз ауа райы байқалған", - деді құтқару ведомствосының өкілі. Сондай-ақ, әуежай өкілі "Манастың" әдеттегі тәртіпте жұмыс істеп жатқанын айтты. Еске сала кетейік, осыған дейін Бішкек әуежайында ұшақтың апатқа ұшырағаны хабарланған болатын.