• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2017

БҒМ білім берудің заманауи технологиялары бойынша семинар өткізді

460 рет
көрсетілді

Қарағанды облысы Шашубай кентінің «Мектеп-балабақша кешені» базасындағы Тірек мектебі (РО)» КММ мұғалімдері мен Ақтоғай ауданының 23 мектебінен қатысқан қонақтарға арналған білім берудің заманауи технологиялары бойынша екі күндік семинар өткізілді, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. Мұндай кездесуді өткізудің басты мақсаты - педагогтерді бүгінгі білім беруде пайдаланылатын интеренет-сервистермен таныстыру. Оның ішінде Google-нің барлық тиімді құралдары: Google +, іздеу, карталар, күнтізбек, Google Disc, пошта, аудармашы, блоггер, презентация, контактілер, Youtube, Hangouts;  Wikipedia, Tedx және басқалар бар. Сонымен қатар тыңдаушылар барлық жастағы балаларды үш тілде  (қазақ, орыс және ағылшын) оқытуға  арналған 18 000 астам сабақ салынған bilimland.kz  білім беру платформасымен танысуға мүмкіндік алды. Семинарға  97 тыңдаушы қатысты: Ақтоғай ауданының түкпір-тікпірінен келген мұғалімдер және «Альянс» Ресурстық орталығы» атты инновациялық пилотты жоба болып табылатын айрықша білім беру мекемесі, Шашубай кентінің «Мектеп-балабақша кешені» базасындағы Тірек мектебі (РО)» КММ педагогтері.