• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2017

Galaxy Note 7 телефондарының не үшін жарылғаны 23 қаңтарда белгілі болады

317 рет
көрсетілді

Samsung компаниясы Galaxy Note 7 смартфондарының не үшін жарылғанын 23 қаңтар күні жариялайды, деп жазады Today.kz. Қолда бар мәліметке сүйенсек, телефондардың жарылуына бес себеп болуы мүмкін. Атап айтар болсақ, аккумуляторға қысым көп түскен болуы ғажап емес. Сонымен қатар, сарапшылар аккумулятордың температураны бақылау технологиясынан ақау кеткен болуы мүмкін екенін де алға тартады. Бұдан бөлек аппараттық қамтамасыз етуде және қолданушының әрекеттеріне байланысты сыртқы факторлар да жоққа шығарылмайды.  Samsung компаниясы қазіргі таңда аталған телефондардың 96 пайызын қайтарып алғанын хабарлап отыр.