Бішкекте ұшақ апаты кезінде қаза болғандар саны 32-ге жетті, - деп хабарлады 24.kg.
Қайтыс болғандардың 4-еуі - ұшқыш. Басылымның хабарлауынша, елдің бірінші вице-премьер-министрі Мухамметкалы Абулгазиевтің басшылығымен штаб құрылды.
Еске сала кетсек, 16 қаңтарда сағат таңғы 7.31-де "Манас" әуежайына жақын жерде Гонконгтен Түркияға бет алған жүк ұшағы құлады. Авиалайнер «Манас» әуежайынан май құюды жоспарлаған. Алайда ауа райының қолайсыздығы салдарынан ол апатқа ұшырады.