• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2017

Бішкектегі әуе апатынан аман қалған ұшқыш ауруханаға барар жолда қайтыс болды

269 рет
көрсетілді

Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігіндегілер Бішкектегі әуе апатынан аман қалған ұшқыштың ауруханаға барар жолда қайтыс болғанын хабарлады, - деп жазады L!FЕ. Алдын ала мәлімет бойынша, қайтыс болған ұшқыш Түркияның азаматы болған. Соңғы мәліметтерге сәйкес, әуе апатынан қаза болғандардың саны 33 адамнан асқан. Оқиға орнына елдің премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков және денсаулық сақтау министрі Талантбек Батыралиев келген. Естеріңізге сала кетсек, "Манас" әуежайында 16 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 07.30-да ұшақ апаты болды. Апатқа ұшыраған жүк ұшағының Turkish Airlines әуе компаниясының иелігінде екені анықталып отыр. Ал кейінірек Бішкек түбінде құлаған ұшақтан 32 адамның қаза болғаны белгілі болды.