Instagram әлеуметтік желісінде «Денсаулық сақтау министрлігі» атты аккаунттарды белгісіз адамдар құрған, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Оларда жарық көрген кез келген ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (әр» қарай – ҚР ДСӘДМ) ресми ұстанымы болып табылмайды.
Бүгінгі таңда ҚР ДСӘДМ-нің аталған әлеуметтік желіде ресми парақшасы жоқ.
Сондықтан, ҚР ДСӘДМ ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігіне тиісті шараларды қабылдау мақсатында хат жібереді.
ҚР ДСӘДМ қызметіне қатысты барлық шынайы ақпарат министрліктің www.mzsr.gov.kz ресми сайтында жарияланады.