• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2017

Қырғызстанда 17 қаңтар аза тұту күні деп жарияланды

409 рет
көрсетілді

Қырғызстанда ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алуға байланысты 17 қаңтарды қаралы күн деп жариялады. Бұл туралы 24.kg хабарлады. «Қырғызстанда ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алуға байланысты 17 қаңтарды «қаралы күн» деп жариялау туралы ел президентінің жарлығы шықты», – делінген хабарламада. Айта кетейік, Бішкектегі «Манас» әуежайына қонар кезде құлаған Boeing 747 ұшағы Turkish Airlines компаниясына тиесілі болған. Ол Гонконгтан ұшып келе жатқан. Мәліметтерге сәйкес, әуе көлігінің бортында екі пилот пен техникалық қызметкерлер болған. Ал опат болғандар саны 35 адамға жетті.