«Бішкек маңында болған әуе апатына экипаж кінәлі деген нұсқа бар, деді Қырғызстан вице-премьер-министрі Мухамметқалый Абулгазиев Дача-Суу ауылында өткен баспасөз брифингінде, деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Бұл АСТ жеке компаниясы. Олар ұшақты жалға алған. Ол Бішкекке отын құю үшін тоқтау қажет болған. 07.17 шамасында ол біздің диспетчерден қонуға рұқсат сұраған. Мамандар егер 300 м жол көрінетін болса қонуға рұқсат беруге болатынын хабарлаған. Оның көрініс аймағы 325 метр болған. Сондықтан оған қонуға рұқсат берілді. Түнде «Манас» айлағына 11 ұшақ қонған. Оның ішінде жолаушылар және жүк ұшақтары да бар. Қазір кімнің кінәлі екенін айту қиын. Бірақ апатқа экипаж кінәлі деген нұсқа бар. Тұман болғандықтан, жолаққа қона алмаған», - деп хабарлады ол.
Естеріңізге сала кетсек, 16 қаңтарда сағат таңғы 7.31-де Бішкектің Дача-Суу ауылында әуежайға жақын жерде Гонконгтен Түркияға бет алған жүк ұшағы құлады. Авиалайнер «Манас» әуежайынан май құюды жоспарлаған. Апат садарынан 32 адам қаза тапқан. Қырғызстан вице-премьер-министрі Мухамметқалый Абулгазиевтың басшылығымен арнайы штаб құрылды. Қырғызстанда аза тұту күні жарияланады.