• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2017

Екі бала белгісіз жарылғыш заттан зардап шекті

359 рет
көрсетілді

Қостанайда екі жасөспірім белгісіз жарылғыш заттан қатты зардап шекті. Қостанай қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде  алдымен 13 жасар немере інісі мен өзінің 10 жасар інісінің белгісіз жарылғыш затты петарда екен деп, оның білтесінен тұтатып, содан  күйіп қалғанын жазады.Үлкен баланың  екі саусағын жарылғыш зат жұлып кетеді, кіші баланың жарақаты жеңілдеу болады. Біз хабарласқанымызда мұны облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз  қызметі де растады. Полицейлер қазір жасөспірімдердің белгісіз жарылғыш заттан жарақаттануы туралы істі сотқа дейін тексеріп жатыр. Екі ұл да қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр. Аурухананың бас дәрігері Фазыл Темірхановтың айтуынша, балалардың жарақатының беті қайтып келеді, 13 жасар ұл біраз қан жоғалтып алған. Бірақ жағдайы жақсарып келеді. Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан»