Серпінді, мәнерлі, ең бастысы, операның барлық қағидасына сай әуенді келген Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» спектаклін «Астана Опера» ұсынады. Тұсаукесер 10 және 11 ақпанда өтеді, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Отандық классикалық өнердің тарихында Симфониялық оркестрмен бірге операда алғаш рет қазақтың ұлттық аспаптары қолданылады.
Қоюшы режиссер – Беларусь Үлкен театры мен Самаралық опералық театрдың бас режиссері Михаил Панджавидзе (Ресей), жаңа музыкалық редакцияның авторы, қоюшы дирижер – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.
Естеріңізге сала кетсек, қазақтың тұңғыш операсы – Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібегі» 1934 жылы қойылған.