• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2017

2016 жылы Алматыда ХҚКО саны екі есе артты

259 рет
көрсетілді

2016 жылы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматыдағы фронт-офистер санын екі есеге көбейтті, - деп хабарлайды корпорацияның баспасөз қызметі. Егер бұрын алматылықтар үшін 8 халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істесе, бүгінде азаматтар мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік корпорацияның 16 фронт-офисінен алуларына болады. Мемлекеттік корпорация құрылғаннан бері барлық мемлекеттік қызметтер ХҚКО ғимараттарында және зейнетақы төлеу орталықтарының фронт-офистерінде қолжетімді болды. Бл ретте, көші қон полициясының қызметкерлері азаматтарды тіркеу мен құжаттандыру бойынша қызметтерді тек ХҚКО- ғимараттарында ғана көрсетеді. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы уақытша тіркеу бойынша адамның көп келуі кезеңінде құжаттандыруға қатысты емес мемлекеттік қызметтерді алу үшін мемлекеттік корпорацияның басқа фронт-офистеріне жүгінуді ұсынады.