• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2017

2016 жылы ОҚО-да 79 мың сәби дүниеге келді

348 рет
көрсетілді

Былтыр Оңтүстік Қазақстан облысында 79 195 сәби өмірге келді, оның 765-і – егіз, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Еліміздегі әрбір бесінші бала Оңтүстік Қазақстанда өмірге келсе, соның ішінде бала туудың ең жоғары көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы алда тұр. Мәселен, өткен жылы қалада 36 191 бала дүниеге келген. Ал, облыс аудандарының арасында бала туу саны жағынан Түркістан қаласы алдыңғы орынды иеленіп отыр. Онда өткен жылы 8742 бала дүниеге келген. Одан кейінгі орында Мақтарал ауданы тұр – 7880 бала. Ал, Сарыағаш ауданында 7425 нәресте дүниеге келген. Еліміз Тәуелсіздігін алғаннан кейін денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды арттыру есебінен жаңа медициналық мекемелер салынды. Материалдық-техникалық жабдықтау жақсарды. Заманауи құрал-жабдықтар мен қондырғылар облыс орталығында ғана емес, аудандар мен қалаларда орнатылды. Осының нәтижесінде, өңірде ана мен бала өлімі азайып, туу көрсеткіші артып келеді.