• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2017

Биыл бала күтіміне байланысты жәрдемақыға 35,9 млрд теңге бөлінді

300 рет
көрсетілді

Биыл бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 35,9 млрд теңге қарастырылды, деп хабарлайды ҚР ДСӘДМ баспасөз қызметі. «2016 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 30,9 млрд астам теңге бөлінді», - делінген хабарламада. Жәрдемақының мұндай түрін жылына орташа 143,3 мың адам алады. Ал жәрдемақының мөлшері нешінші бала екеніне қарай 12 217 теңгеден 18 877 теңге аралығында болады.