Қырғызстанда құлаған ұшақтыңқара жәшігі "Манас" әуежайының маңынан табылды, деп хабарлады ТЖ министрі Кубатбек Бороновқа сілтеме жасаған "24.kg" ақпарат агенттігі. Қазіргі таңда үш қара жәшіктің тек біреуі ғана табылған.
Оның айтуынша, жәшіктің жағдайы қалыпты. Ертең Қырғызстанға Халықаралық авиация комитетінен мамандар барып, "қара жәшікті" зерттейді. Сонымен қатар Қырғызстанға Түркиядан екі жұмыс тобы барады деп күтілуде.
Естеріңізге сала кетсек, 16 қаңтарда сағат таңғы 7.31-де Бішкектің Дача-Суу ауылында әуежайға жақын жерде Гонконгтен Түркияға бет алған жүк ұшағы құлады. Авиалайнер «Манас» әуежайынан май құюды жоспарлаған. Қырғызстанда 17 қаңтар аза тұту күні болып жарияланды. Соңғы деректер бойынша 37 адам қаза тапқан.