• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2017

Әлем байлығының тең жартысы ең бай адамдардың 1%-ына тиесілі

309 рет
көрсетілді

Биылғы жылы әлемдегі сегіз мультимиллиардердің байлығы Жер бетіндегі 3,6 миллиард халықтың жалпы жағдайынан асып түскен, деп хабарлайды ВВС. Зерттеуге сәйкес, әлемде байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық рекордтық деңгейге жеткен. Дәулетті адамдардың байлығының 1 пайызы жер бетіндегі адамдардың 50 пайызының дүние-мүлкіне сәйкес келеді. Өткен жылы зерттеу нәтижесі басқаша болатын: 62 ең бай адамның меншігіндегі дәулет 4 миллиард адамның жағдайына тең болған. Бұл мәліметтер негізінен Үндістан және Қытайдан келген ақпараттар негізінде жаңартылған. Баяндамада алғашқы триллионер таяу 25 жылдың ішінде пайда болуы мүмкін дейді. Бұл уақытта Жер бетіндегі әрбір оныншы адам күніне екі доллардан кем ақшаға өмір сүреді екен.