• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2017

2016 жылы Қостанай облысының кірісі 134 млрд теңге болды

285 рет
көрсетілді

Облыс бойынша өткен жылы барлығы 134 млрд теңге кіріс кіріп, яғни салық жоспары 115,1 пайызға орындалған. Оның 33,8 миллиард теңгесі республикалық бюджетке кетті, қалғаны жергілікті бюджетті толықтырған. Облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің бастығы Айбек Паяев осы кірістің үштен бірі камералық бақылау есебінен, қылмыстық іс қозғалған салық және кедендік тексерулерден түскенін айтты. Сонымен қатар ол көлеңкелі экономиканың алдын кесу маңызды жұмыс екенін еске салды. «Осы маңызды міндетті орындау барысында 373 қылмыстық іс қозғалды. 3 миллиард теңге шығынның 2 миллиард 830 миллион теңгесі бюджетке қайтарылды. Міне, осы жұмыс бойынша облыс республикада алда келеді», деді облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің бастығы Айбек Паяев. Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан».