• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2017

«Самғау» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды

324 рет
көрсетілді

Бүгін Астана қаласында журналистер арасындағы «Самғау» ұлттық байқауының аймақтық аталымдары бойынша жеңімпаз атанған журналистер марапатталды.  Алдағы наурыз айында Мәскеу қаласында байқаудың бас жүлдесі - жеңіл көлікті тапсыру рәсімі өтеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат. Байқаудың негізгі мақсаты - xалық арасында отандық өнімді кеңінен насихаттау. «Біз қашаннан бері отандық өнімдердің шетелдікінен артық болмаса, бір де кем еместігін айтып келеміз. Бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда, сапасы мен пайдалы қасиеттері, дизайны жағынан айтарлықтай ілгерілеушілік бар. Алайда, өз тауарларымыздың артықшылықтарын насихаттау жағы кемшін қалып келеді. Осы байқауды ұйымдастырғанда да, біз аталған олқылықтың орнын толтырып, отандық өнімдерді кеңінен насиxаттауды көздедік. Біз сол міндеттің үдесінен шықтық деп ойлаймын. Шынымды айтсам, өзіміз естімей келген тауарлардың бар екенін білдік», - дейді «Халық маркасы» қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясының президенті Римма Тәжібаева. Осылайша, «Самғау» ұлттық байқауының аймақтық аталымдары бойынша 12 журналист жеңімпаз атанып, шетелге жолдама ұтып алды. Жалпы, байқауға 200-ге жуық журналист қатысты. Алдағы уақытта байқаудың басты марапатын тапсыру салтанатын Мәскеу қаласында ұйымдастыру жоспарланып отыр. Сол жерде бас жүлденің жеңімпазына Қазақстанда жасалған жеңіл көлік табысталады. Бұдан бөлек, 12 бірдей елге сапарлауға мүмкіндік беретін жолдама тапсырылады. Қалған 7 журналиске бағалы сыйлықтар беріледі.