• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2017

Ішкі нарықта бөлшек сауда айналымы ұлғайды

415 рет
көрсетілді

Бөлшек сауда көлемі 2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда 7661,8 млрд. теңгені немесе 2015 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне 100,9%-ды құрады, деп хабарлайды Статистика комитеті. Сәйкес кезеңде сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 4120,4 млрд. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне 103,4%-ды құрады. Сонымен қатар, ірі сегмент кәсіпорындары бойынша (жұмыскерлер саны 50-ден жоғары) бөлшек сауданың нақты көлем индексі 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 97,9%-ды құрады. Дара кәсіпкерлердің, соның ішінде базарларда саудамен айналысатындардың бөлшек сауда көлемі жалпы көлемнің 46,2%-ын алады, өткен жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда олардың көлемі 1,9%-ға төмендеді. Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (бөлшек сауданың жалпы көлеміне 64,3%). Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,4%-ға төмендеп, азық-түлік тауарлары 6,2%-ға өсті. 2017 жылғы 1 қаңтарға бөлшек саудадағы сауда кәсіпорындары (есепті тапсырған кәсіпорындар бойынша) тауарлық қорларының көлемі 387,1 млрд. теңгені, саудадағы күндері 46 күнді құрады. 2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы қаласына (28,3%), Астана қаласына (10,9%), Шығыс Қазақстан (9,4%) және Қарағанды облыстарына (9%) келеді.