Бүгінгі аппараттық жиын барысында Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков жаңа кадрлық тағайындаулар туралы айтты, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жұмасұлтанов Ғалым Әзірханұлы конкурстық іріктеу арқылы Қарағанды облысы өнеркәсіп және индустриалды-иновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды. Ол 1962 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білім бар, Қарағанды политехникалық инситутын және Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша өндірістік транспорт инженері, экономист. Еңбек жолын 1984 жылы Қарметкомбинатта диспетчер болып бастаған. 1986 жылдан 1995 жылға дейін аға инженер, №1 Қарағанды автобус паркінің бөлім басшысы лауазымында қызмет еткен. «НК СПК «Сары-Арқа» АҚ басқарушы директоры лауазымын иеленген. 2008 жылдан бастап бүгінге дейін кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары, өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары лауазымында болды.
Кәрімов Айдар Жақыпұлы конкурстық іріктеу негізінде облыс әкімі аппаратының МСБ және өндірісті дамыту бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. Кәрімов А.Ж. 1986 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді, Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген. Мамандығы - мемлекеттік және жергілікті басқару ісінің бакалавры. 2009 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасында бас маман болып қызмет атқарды. Кейін Октябрь ауданы әкімі аппаратының экономика және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық әкімі аппаратының экономика және кәсіпкерлік бөлімін басқарды. Жаңа кадрлық тағайындауға дейін облыс әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.