• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2017

Біржан Жақыпов пен Берік Әбдірахманов әуесқой бокстан кетті

503 рет
көрсетілді

Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшелері Біржан Жақыпов пен Берік Әбдірахманов әуесқой бокспен қош айтысты, - деп хабарлайды Vesti.kz ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановқа сілтеме жасап. 49 киллограм салмаққа дейін жұдырықтасқан 32 жастағы Біржан Жақыпов Олимпиада ойындарына үш рет қатысқан (2008, 2012, және 2016) және әрдайым жартылай финалға дейін ғана барды. Оның жетістіктері - 2013 жылы әлем чемпионы, 2005 жылғы әлем біріншілігінде қола жүлде, 2010 және 2014 жылдардағы Азия чемпионатында екі күміс жүлде, Қазақстан чемпионатының бірнеше жүлдесі. Жақын арада Жақыпов өзінің туған жері Шымкент қаласындағы спорт мектебі директорының орынбасары болады деп болжанып отыр. 40 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасып келген 30 жастағы Берік Әбдірахманов 2016 жылғы Олимпиадада алғашқы кездесуінде-ақ америкалық Карлос Балдерамастан ұтылып қалды. Ақтаулық боксшының ең үлкен жетістігі 2013 жылы болды. Ол осы жылы Азия чемпионы атанды және Алматыда өткен әлем чемпионатының қола жүлдесінің иегері атанған еді.