Қазақстан Президенті Әбу-Дабидегі "Болашақтың энергиясы" мерейтойлық саммит жұмысы аясында болашақтың энергиясы саласындағы «Zyed Future Energy Prize» халықаралық сыйлығын салтанатты түрде табыстау рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Сыйлық 2008 жылы тағайындалды және Дүниежүзілік «Болашақтың энергиясы» саммитінде, Абу-Дабидің тұрақты даму аптасы аясында әмірліктің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянның атынан жыл сайын табыс етіледі. Сыйлықты 5 аталым бойынша Біріккен Араб Әмірліктері басшылығының қатысуымен шет мемлекеттер басшыларының бірі табыстайды. Биыл мұндай құрметке Нұрсұлтан Назарбаев ие болды.