• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2017

Сарапшы: Головкиннің жеңісіне сенімдімін

314 рет
көрсетілді

Tru School Sports сарапшысы Брэндан Тейлор Fightsaga.com сайтына берген сұхбатында Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен Дэнниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) арасындағы жекпе-жек туралы өз пікірін білдірді. Бұл туралы sports.kz хабарлады. «Меніңше, бұл кездесу екі сценарий бойынша өрбиді. Біріншісі – Джейкобс Питтер Куиллинге қарсы бокстасқандай Головкинді бірден соққының астына ала жөнеледі. Бірақ GGG оны шыбын шаққан құрлы көрмегендіктен, абдырап қалуы мүмкін. Бұдан кейін Гена үшін бұл қарпайым жаттығу жұмыстары сияқты болады. Екіншісі – Головкин бұл жолы да Давид Лемьеге қарсы өткендей әдісті қолданады. Яғни, арақашықтықты сақтап, ұрымтал тұста шабуылдауы мүмкін. Рингте қандай жағдай болмасын Джейкобс жеңіске жетеді деп ойламаймын. Оның әсіресе, иекке бағыттаған соққысы Дэнниді бірден есеңгіретіп жіберуі мүмкін. Ал Геннадий бұл жағынан осал емес. Америкалық қара күшке ие болғанмен, деңгейі жеткіліксіз. Бірақ, қызыққа толы бірнеше раунд өтеді деген ойдамын. Егерде Джейкобс әріптесінің қорғанысы нашар деген оймен шаршы алаңға шығар болса, қатты қателеседі», – деді сарапшы. Айта кетейік, қос боксшының арасындағы айқас 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.