• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2017

Мәнерлеп сырғанаушылар межесі жоғары

371 рет
көрсетілді

Қазақстан намысын Қысқы Универсиада-2017 ойындарында қорғайтын мәнерлеп сырғанаушы Вероника Шевелева жауапкершілігі жоғары жарыстар алдындағы көңіл-күйімен бөлісіп, өзінің бағдарламасы жөнінде айтып берді. – Уни­­­­­­вер­сиа­­­да­­­ға қа­ты­са­­ты­­ным­­­­­ды естігенде, қатты қуа­нып кеттім. Осындай деңгейдегі жарыстарға қаты­су – үлкен құрмет. Өзіме сенімді жүр­мін, білетінімнің бәрін көрсете аламын деп ой­лаймын. Қазір біз көп­теп жаттығып, мұз ай­дынында көбірек уақыт өткізуге тырысып жүр­міз. Тамаша көңіл-күй­демін. – Неге мәнерлеп сыр­ғанаумен шұ­ғыл­данамын деп шештіңіз? – Анам өзі ке­зінде мә­­нер­леп сырға­нау­­шы бол­­ғы­сы келген, бі­рақ ол арма­ны­­на жете алмады. Сондықтан мені мәнерлеп сырғанауға әкелді. Бірінші рет жатты­ғуға барып, одан шыққан соң, енді мұнда ешқашан келмеймін деп өзіме айт­қаным есімде. Бірақ, осы күнге шейін осы спорт түрімен айналы­сып жүр­мін, қазір шамамен он жыл болып қалды. – Универсиада  өткізі­летін алаңда ойын көр­сет­кеніңіз сізге басымдық бере ме, қалай ойлайсыз? – Меніңше, бұл үлкен басымдық болмақ. «Ал­маты-Аренаның» мұз айдыны өте жақсы, біздің басқа алаңдарымызға қарағанда әлдеқайда жақсы. Қазақстан чемпионатында осында сырға­наған маған қатты ұна­ды, онда­ғы жағдай мен орта ерекше. – Универ­сиа­да­­да көр­сететін бағ­дар­лама­ла­ры­ңыз­ды анық­­­­тап қой­дыңыз ба? – «Город  312» тобының  «Останусь» әнімен қысқа бағдарламаны көрсетемін. Маған бұл ән тым қатты ұнап кетті. Бағдарламаларды көрсету кезінде сөзі бар әнді қолдануға рұқсат бергенде, оны таңдап көрейін деп шештім. Басында орыс тіліндегі әнді алған дұрыс па деп күмәндандым, бірақ кейін көбісі сондай әндерді таңдай бастады. Нәтижесінде Қазақстан чемпионатында көрсеткен бағдарламам барлығына ұнады. Ал еркін бағдарламамен әлі жұмыс жасап жатырмын. Универсиадада мә­нер­леп сырғанау жарыстарында Қа­зақ­стан намысын Ве­ро­ника Шевелевамен қатар, Денис Тен, Абзал Рақым­­ға­лиев, Артур Пани­хин, Айза Иман­­бек және Жан­сая Ады­ханова қорғамақ. Әңгімелескен Талғат РАЙЫМБЕК, «Егемен Қазақстан»