• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2017

Универсиада алауы Керекуде жарқырайды

321 рет
көрсетілді

Павлодар облыстық дене тәрбиесі және спорт басқар­масының хабарлауынша, Алматыда өтетін 28-ші Бүкіл­­әлемдік қысқы Универ­сиада­ның алауы біздің өңірде қаңтардың 26-сы күні сағат 10-да Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемлекеттік университетте жағылады. Ал, алауды алып жүретіндердің құрамында Рио олимпиадасының қатысу­шысы Дәулет Шабанбай, Роман Валеев, паралимпиадашы Александр Медведев, шаңғы жарысынан 2016 жылғы 6-қысқы республикалық универсиаданың жеңімпазы Зура Қалипенова, әлем чемпионатының күміс медаль иегері Әлия Төлегенова, жеңіл атлет Роксана Оспанова және спорт ардагерлері Аман­гелді Аймағамбетов, Оразалы Мұхамедалинов, конькиші Люд­мила Прокашева, шахматшы Виктор Колеев секілді спортшыларымыз бар. Биыл павлодарлық биатлоншы қыз Арина Пантова Жасөспірімдер Олимпиада ойын­дарында қола медаль жеңіп алды. Алау жағу рәсімі өткен соң спортшылар тобы облыс ор­талығындағы Ломов, Сәтбаев көшелері арқылы жүріп өтіп, Ертіс өзенінің төменгі жаға­лауына барады. Жағалау бойымен жүріп өтіп, Естай атындағы мәдениет сарайына келеді. Сарайда қысқы Универсиада ойындарының құрметіне мерекелік концерт өтеді. Алау көтерген спортшылар тобы келесі кезекте «Астана» мұз сарайына келіп, Универсиаданың гала-концертіне қатысады. Шара соңында жағылған Алау­ды шыны сауытқа орнатып, Алматыға қарай аттана­ды. Бұл күнгі спорттық шараға облыс орталығындағы оқу орын­дарының Екібастұз инже­нерлік-техникалық институтының, Ақсудың Жаяу Мұса атындағы коллед­жі­нің студенттері де қатысып, қолдау көрсетеді. Фарида Бықай, «Егемен Қазақстан» ПАВЛОДАР